Жарнама
Жарнама
Бүгін Айбек Оралбай Азия ойындарының финалы үшін жұдырықтасады
Vesti.kz

Бүгін Айбек Оралбай Азия ойындарының финалы үшін жұдырықтасады

Қазақстан атынан бұл күні рингке бір ғана боксшы шығады. Тағы төрт отандасымыз сәрсенбі күні бақ сынайды. 

Бүгін Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында бокстан алғашқы жартылайфиналдық жекпе-жектер өтеді.

Қазақстан атынан бұл күні рингке бір ғана боксшы шығады. +90 келі салмақ дәрежесінде Айбек Оралбай финал жолдамасы үшін сынға түседі.

Айбек Оралбайдың жекпе-жегі қашан өтеді?

Қазақстандық боксшының қарсыласы – Үндістан өкілі Нарендер. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 11:00-де басталады.

Кездесудің тікелей трансляциясын "Qazaqstan" телеарнасынан көруге болады.

Тағы төрт қазақстандық финал үшін айқасады

Қазақстан құрамасының тағы төрт өкілі өз жекпе-жектерін сәрсенбі күні өткізеді.

Олар:

  • Алуа Балқыбекова – 51 кг;
  • Махмұд Сабырхан – 55 кг;
  • Төрехан Сабырхан – 70 кг;
  • Наталья Богданова – 75 кг.

Алты боксшы жарысты аяқтады

Қазақстан құрамасының бастапқы өтінімінде 11 боксшы болды.

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Назым Қызайбай, Виктория Графеева және Аида Әбікеева жарыстан шығып, медальсыз қалды.

Азия ойындарындағы бокс турнирі 2 қазанда финалдық жекпе-жектермен аяқталады.

Жарнама
Жарнама