Әбиба Әбужақынова Азиада-2026 финалында өнер көрсетеді
Қазақстандық дзюдошы Жапониядағы Азия ойындарының финалына жолдама алды.
Жартылай финалдың тағдырын бір ұпай шешті
Әлем чемпионаттарының екі дүркін жүлдегері Әбиба Әбужақынова финал жолдамасы үшін 2021 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Чен-Хао Линмен кездесті. Тартысты өткен белдесуде қазақстандық дзюдошы белсенді қимылдап, бір ұпай еншіледі. Әбиба осы басымдығын сақтап, кездесуді жеңіспен аяқтады.
Осылайша Әбужақынова Азиада-2026 додасының финалына өтіп, алтын медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Ширек финалда иппонмен жеңген
Әбиба ширек финалда үндістандық Асмита Дейден басым түскен. Қазақстандық татами шебері қарсыласын иппонмен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Әбужақынованың шешуші белдесудегі қарсыласы кейінірек белгілі болады. Отандасымыз финалға шығу арқылы кемінде күміс медаль еншілейді.
Жарнама
Жарнама