Жарнама
Жарнама
Мейіржан Шермаханбет қарсыласын тас-талқан етіп, "қола" алды
olympic.kz

Мейіржан Шермаханбет қарсыласын тас-талқан етіп, "қола" алды

Отандасымыз Моңғолия өкілі Ганбаяр Намсрайды 11:0 есебімен жеңді. 

Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет Жапонияның Айти мен Нагоясында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен грек-рим күресінің шебері үшінші орын үшін белдесуде Моңғолия өкілі Ганбаяр Намсрайды 11:0 есебімен тас-талқан етті. Соның арқасында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде қосты. 

Бұған дейін күміс алған

Мейіржан Шермаханбет бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында да 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделі болған еді. 

Сол жарыста отандасымыз күміс медаль еншілеген болатын. 

Жарнама
Жарнама