Жарнама
Жарнама
Қазақстаннан екі боксшы финалға шықты. Қай ел көш бастап тұр?
sportilinet.kz

Қазақстаннан екі боксшы финалға шықты. Қай ел көш бастап тұр?

Азиаданың бокс турнирінде Қазақстанның екі, Өзбекстанның үш өкілі алтын медаль үшін жұдырықтасады.

Қазақстанның финалдағы үміті – Сабырхан мен Оралбай

Қазақстан құрамасынан Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай Азия ойындарының шешуші кезеңіне жолдама алды.

70 келіде өнер көрсететін Төрехан Сабырхан финалда иорданиялық Зияд Ишаишпен кездеседі. Ал аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбайдың қарсыласы – өзбекстандық Жахонгир Зокиров. Қазақстан мен Өзбекстанның әйелдер құрамасынан финалға шыққан боксшы жоқ.

Ерлер боксында Өзбекстан алда

Өзбекстанның үш боксшысы финалда өнер көрсетеді: Абдумалик Халоков, Турабек Хабибуллаев және Жахонгир Зокиров.

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда екі финалистен бар. Жапония, Филиппин, Үндістан, Қытай және Иорданияның бір-бір өкілі шешуші жекпе-жекке шықты. Осылайша ерлер финалында сегіз елдің боксшылары жұдырықтасады.

Финалдық жұптар:

55 кг: Карло Паалам (Филиппин) – Руи Ямагучи (Жапония).
60 кг: Абдумалик Халоков (Өзбекстан) – Чан Дон Хван (Оңтүстік Корея).
70 кг: Төрехан Сабырхан (Қазақстан) – Зияд Ишаиш (Иордания).
80 кг: Анкуш (Үндістан) – Ким Мин Сон (Оңтүстік Корея).
90 кг: Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) – Хань Сюэчжэнь (Қытай).
90 келіден жоғары: Айбек Оралбай (Қазақстан) – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан).

Әйелдер арасында Қытайдың басымдығы айқын

Әйелдер боксындағы бес финалдың төртеуінде қытайлықтар өнер көрсетеді. Үндістан мен Қытай Тайбэйінен екі боксшыдан, Жапония мен Вьетнамнан бір-бір өкіл алтынға таласады.

Әйелдер арасындағы финалдық жұптар:

51 кг: У Ю (Қытай) – Нгуен Тхи Там (Вьетнам).
54 кг: Цукими Намики (Жапония) – Чжао Сюань (Қытай).
60 кг: Линь Юй-Тин (Қытай Тайбэйі) – Ян Чэньюй (Қытай).
65 кг: Чэнь Няньцинь (Қытай Тайбэйі) – Парвин (Үндістан).
75 кг: Бао Цзыи (Қытай) – Ловлина Боргохаин (Үндістан).

Жалпы есепте қай ел бірінші?

Ерлер мен әйелдердің нәтижесін қосқанда Қытай бес финалистпен көш бастап тұр. Өзбекстан мен Үндістаннан үш боксшыдан шешуші кезеңге шыққан.

Финалистер саны бойынша елдердің көрсеткіші:

Қытай – 5;
Өзбекстан – 3;
Үндістан – 3;
Қазақстан – 2;
Оңтүстік Корея – 2;
Жапония – 2;
Қытай Тайбэйі – 2;
Филиппин – 1;
Вьетнам – 1;
Иордания – 1.

Барлығы 10 елдің өкілі алтын медальға таласады. Қытай, Үндістан және Жапонияның ерлер де, әйелдер де арасында финалистері бар.

Жарнама
Жарнама