Жарнама
Жарнама
Үш қазақстандық боксшы бір кеште рингке шығатын болды
sportnews.kz

Үш қазақстандық боксшы бір кеште рингке шығатын болды

Жекпе-жек күні белгілі болғанымен, әзірге олардың қарсыластарының есімі жарияланған жоқ.

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Армат Арманұлы, Санатәлі Төлтаев және оның бауыры Саматәлі Төлтаевтің рингке қашан оралатыны белгілі болды.

Үш боксшы да 31 қазанда Ақтөбеде өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Әзірге олардың қарсыластарының есімі жарияланған жоқ.

Боксшылардың көрсеткіші

Армат Арманұлының кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 7 жеңіс, 1 жеңіліс, 5 нокаут. Ол соңғы рет 25 шілдеде Алматыда рингке шығып, ресейлік Харон Запольскийді техникалық нокаутпен жеңді.

Саматәлі Төлтаевтың еншісінде 8 жеңіс және 4 нокаут бар. Ол да 25 шілдеде Алматыдағы бокс кешіне қатысып, филиппиндік Гэри Тамайоны төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Ал Санатәлі Төлтаев кәсіпқой бокста 4 жеңіс, 1 жеңіліс тіркеген. Оның екі жеңісі нокаутпен аяқталған.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін былтыр тамызда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, украиналық Данило Лозанодан жеңілген еді.

Жарнама
Жарнама