Нұрбек Оралбай Қазақстан чемпионатынан тыс қалды
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері иығындағы жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатына қатыса алмайтынын айтты.
Жарақатына қатысты түсініктеме берді
Ол Жапониядағы Азия ойындарында өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевпен өткен жекпе-жекте жарақат алған. Бул тұралы журналист Аслан Қаженов жазды.
Боксшы қажет болған жағдайда жарақатын растайтын медициналық анықтама мен тексеру суретін ұсынуға дайын екенін де айтқан.
Оралбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекеден қашпайтынын атап өтті. Оның айтуынша, ел чемпионатына қатыспауына жарақаты себеп болып отыр. Олимпиада жүлдегері осы салмақта әлі де үздік екенін дәлелдеуге ниетті екенін жеткізді.
Азия ойындарында ширек финалдан аса алмады
Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия ойындарында 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жарысты ширек финалда аяқтады. Алғашқы кездесуін 1/8 финалда өткізіп, ауғанстандық Силаб Нуриді төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Бірақ жартылай финал жолдамасы үшін өткен айқаста өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевқа 2:3 есебімен есе жіберді. Кейін Хабибуллаев осы салмақта Азия ойындарының чемпионы атанды.