Жарнама
Жарнама
Шерзод Давлатов Елдос Сметовтың салмағында әлемнің үздік ондығына енді
sportarena.kz

Шерзод Давлатов Елдос Сметовтың салмағында әлемнің үздік ондығына енді

Шерзод Давлатов Бакуде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді.

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов IJF әлемдік рейтингінде айтарлықтай жоғарылап, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алғашқы ондыққа енді.

Жаңартылған рейтингте қазақстандық спортшы бірден 15 сатыға көтеріліп, 3263 ұпаймен тоғызыншы орынға жайғасты.

Шерзод Давлатов Бакуде өткен 2026 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Осы нәтиже Давлатовтың әлемдік рейтингте бірден бірнеше сатыға көтерілуіне ықпал етті.

Рейтинг көшбасшылары кім?

60 келіге дейінгі салмақта әлемдік рейтингтің бірінші орнында әзербайжандық Ахмед Юсифов тұр. Оның еншісінде 5180 ұпай бар.

Екінші орынға тағы бір Әзербайжан өкілі Балабей Агаев орналасқан – 4823 ұпай.

Үздік үштікті ресейлік Аюб Блиев түйіндейді. Оның да 4823 ұпайы бар.

Елдос Сметов 115-орында

Осы салмақта Қазақстанның тағы бір танымал дзюдошысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов та өнер көрсетеді. Қазіргі таңда ол 252 ұпаймен 115-орында тұр.

Жарнама
Жарнама