ХОК Иман Хелифке қатысты мәлімдеме жасады

Редактор Penalty.kz
06.11.2024, 21:03

Ұйым Имане Хелифке қатысты даулы медициналық тексеру нәтижесіне түсініктеме беруден бас тартты.

New Times.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында чемпион атанған Иман Хелифке қатысты даулы медициналық тексеріс нәтижесіне түсініктеме беруден бас тартты.

“Иман Хелиф Олимпиада ойындары кезінде оның жағдайын талқылаған тұлғаларға қарсы сотқа арызданды. Сондай-ақ соңғы хабарламалар бойынша да сотқа арыз түсіруге дайындап жатыр. ХОК сот тергеуі жалғасып жатқанда, БАҚ-тың шығу тегі расталмаған құжаттарға қатысты хабарламаларына пікір білдірмейді”, – деп келтірді ХОК баспасөз қызметінің сөзін «РИА Новости Спорт».

Еске сала кетейік, бұған дейін француз журналисі Джаффар Айт Аудиа 2023 жылы Хелифтің гендерлік тест нәтижесін жариялаған болатын. Медициналық қорытындыларға сәйкес, спортшыда тестикул және микропенис бар екені анықталған.