Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановқа автокөлік сыйға тартылды
Қазақстандық балуан жуырда Тиранада өткен әлем чемпионатында топ жарған еді.
NUR.KZ
Жуырда ғана еркін күрестен әлем чемпионы атанған Нұрқожа Қайпановқа жаңа автокөліктің кілті табысталды.
Қазақстандық кәсіпкер Ерлан Қожасбай 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін Нұрқожа Қайпановқа ZEEKR 001 маркалы темір тұлпарды сыйға тартты.
Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов Тиранада олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында «алтын» медаль жеңіп алған еді. Шешуші белдесуде қазақстандық спортшы жапондық Иошиносуке Аояги 5:3 есебімен ұтты.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet