Ол келесі сенбіде өтеді.
UFC-дің бұрынғы файтер, блогер және аналитик Брэндан Шауб алдағы Майк Тайсон мен Джейк Пол арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.
"Барлық нұсқаны қарап көрейікші. Егер Пол Майкты нокаутқа түсірсе, жанкүйерлер: "Қарт адамды ұрып соққаны ұят енді!" дейді. Ал егер Пол нокаутпен ұтылса, "Қарттан жеңілген клоун" деп санайды. Ал егер жекпе-жек соңына дейін созылса, онда тіпті нашар жағдай орнайды. Оны ешкім талқыламайды. Сондықтан бұл жекпе-жек сұмдық болғалы тұр. Нокаутқа түссе де, пайданы Майк қана көреді. Ол 58 жаста ғой. Қомақты қаржыға кенелейін деп тұр қайтсе де", — деп келтірді Шаубтың сөзін championat.com.
Айта кетейік, Тайсон – Пол жекпе-жегі қарашаның 16-сы күні АҚШ-та өтеді.