Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылға арналған мақсатын жария етті

Редактор Penalty.kz
20.03.2025, 15:25
Offside.kz

Орта салмақтағы WBO/IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) биылғы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. 

5 сәуірде Астанада өтетін жекпе-жек

«Қазақ стилі» өз титулдарын 5 сәуір күні Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) өтетін жекпе-жекте қорғайды. Бұл кездесу Жәнібек үшін маусымдағы алғашқы үлкен сын болмақ.

“Қазір біздің басты мақсатымыз — 5 сәуірдегі жекпе-жекке барынша дайындалу. 2025 жылға арналған үлкен жоспарларымыз бар. Бұл жылды мықты кездесулермен өткіземіз деп сенеміз”, — деді Әлімханұлы Seconds Out басылымына берген сұхбатында.

Өткен маусымдағы жалғыз жекпе-жек

Еске сала кетейік, 2024 жылы Жәнібек Әлімханұлы тек бір ғана жекпе-жек өткізген болатын. Ол қазан айында Австралияның Сидней қаласында өткен кездесуде Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) нокаутпен жеңген еді.

Айта өтейік,  жуырда "Battle of the Brave" кәсіпқой бокс кешінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.