Жекпе-жек
Күрескен жоқ, сүрінді: Данияр Қайсанов сенсация тіркеді (ВИДЕО)
Астанада еркін күрестен Қазақстан Кубогының алғашқы күнінде күтпеген сенсация болды.
Асланбек Шымбергенов ұлттық құрамаға қашан оралады? Басты шарты айтылды
2023 жылғы әлем чемпионының болашағы қарашада өтетін ел чемпионатына байланысты шешіледі.
Қазақстандық боксшы Thailand Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
Таиландтағы халықаралық турнирде Оразбек Асылқұлов 60 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Қырғызстан өкілі Имамназаров Мирзохидпен кездесті.
Мераб Двалишвили реваншқа екі апта қалғанда жарақат алды
UFC 316 турнирінде Шон О'Мэллимен өтетін тарихи айқасқа екі апта қалғанда грузиялық спортшы аяғынан жарақат алды.
Қазақ қызы каратэден Азия чемпионатында медаль жеңіп алды (ФОТО)
Өзбекстан астанасы Ташкентте каратэден Азия чемпионаты басталды. Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.
Octagon 73 турнирінің басты айқасы қазақ файтерлері арасында өтті (ВИДЕО)
Octagon 73 кәсіби ММА турнирінің басты жекпе-жегі үлкен қызығушылық тудырды. Орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін Бауыржан Қуанышбаев (19-6) пен Рүстем Мұхатов (13-4) айқасты.
UFC-ге үміткер қазақстандықтың жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
Алматыда Octagon 73 турнирінде ММА спортшысы Сүндет Айтқұл (11-2) өзінің кәсіби мансабындағы кезекті жарқын жеңісіне жетті.
Қазақстандық каратэші өзбек қарсыласын керемет соққымен сұлатып түсірді (ВИДЕО)
Қазақстандық каратэші, ұлттық құраманың көшбасшысы София Берульцева Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты.
Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатындағы триумфтан кейін арнайы жүлде алды
Қазақстан боксы Азия аренасында тағы да биіктен көрінді. Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өткен 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында отандық спортшылар ел абыройын асқақтатты.
Азия чемпионаты: Қазақстанның жастар құрамасы қарсыластарын шаң қаптырып, 10 алтынмен елге оралды (ВИДЕО)
10–24 мамыр аралығында Коломбо қаласындағы (Шри-Ланка) 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы толық үстемдік көрсетті.
"Қазақ короліне" әлем чемпионымен жекпе-жек ұсынылды
Қарсылас - IBO белбеуінің иегері, ирландиялық боксшы Энтони Какейс.
Нокауттар фестивалі: Қыздар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын медаль иеленді (ВИДЕО)
Шри-Ланкадағы Коломбо қаласындағы 22 жасқа дейінгі Азия чемпионаты Қазақстан үшін жарқын жеңіспен аяқталды.
Қазақстан өзбек боксшылары қатысатын турнирге мықты құраммен аттанады
24 мамыр мен 1 маусым аралығында Таиланд астанасы Бангкоктағы Thailand Open–2025 халықаралық турниріне қатысатын Қазақстанның құрамы белгілі болды.
Абсолют чемпион атану! Жәнібек жоспарын жариялады
Жәнібек Әлімханұлы төрт чемпиондық белбеуді біріктіріп, Канелоға қарсы жекпе-жек өткізуді көздеп отыр.
Махачев – Топурия жекпе-жегінің фавориті аталды
Жалғас Жұмағұловтың айтуынша, бұл шайқаста жеңіс ақылмен ойнайтын Ислам Махачевке тиесілі болмақ.
Иэн Гэрри: "Рахмонов пен өзгелер Махачевке жол беруі керек"
UFC жартылай орта салмағында өнер көрсететін ирландиялық файтер Иэн Гэрри (16-1) дивизиондағы әріптестеріне үндеу жасап, чемпиондық айқасқа жаңадан көтерілген ресейлік Ислам Махачевке (27-1) жол беруге шақырды.
Бұл нағыз нокаут! Қазақстан Азия чемпионатында ешкімге мүмкіндік қалдырмады (ВИДЕО)
Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) U-22 Азия чемпионаты мәресіне жетті.
Азат Мақсұм үшін жекпе-жек алдында жағымсыз жаңалық айтылды
UFC сарапшылары Азат Мақсұмның алдағы айқаста жеңіске жететініне күмәнмен қарайды.
Қазақстан Кубогы: мыңға жуық балуан бозкілемге шығады
Бұл жарыс алдағы әлем чемпионаттарына жолдама беретін шешуші дода болмақ.
Алты нокаут. Қазақстандық боксшы қыздар Азия чемпионатын 100% нәтижемен аяқтады (ВИДЕО)
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы қыздар тарихи нәтиже тіркеді. Олар 12 салмақта финалға шығып, барлық алтын жүлдені иеленді.