Өскемен жолдарымен қатынайтын көліктерден ақы алу көзделіп отыр.
Қазақстанда 2026 жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап бірнеше автожол учаскесін ақылы ету көзделіп отыр. Көлік министрлігі тиісті жобаны қоғамдық талқылауға шығарды. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады.
Егер жоба мақұлданса, төлем көлік санатына және жүрген қашықтыққа байланысты мемлекеттік нөмірді автоматты тану жүйесі арқылы алынады.
Қазіргі таңда тек Балқаш қаласынан Бұрылбайтал ауылына дейінгі 91 шақырым жол ақылы. Енді жалпы ұзындығы 645 шақырым болатын Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал бағытының барлық бөлігін ақылы жүйеге көшірілмек.
Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген жеңіл көліктер үшін айлық және жылдық абонементтер енгізу қарастырылған.
Ұзындығы 226 шақырым болатын бұл учаскеде:
Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген жеңіл көліктерге абонемент жүйесі ұсынылады.
Осы өзгерістер нәтижесінде Алматыдан Қарағандыға дейінгі жолдың басым бөлігі ақылы форматқа өтпек. Болашақта Құрты – Қонаев учаскесіне де тариф енгізу жоспарда бар.
Бұл бағыт бойынша жолдың алғашқы 32,4 шақырымы жеңіл көліктер үшін ақылы болады. Автобус пен жүк көліктерінен барлық 773 шақырым ақы алынбақ.
Алматы, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген көліктерге айлық және жылдық абонемент қарастырылған.
Жобалар 17 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады. Егер бекітілсе, 2026 жылдың сәуір-мамыр айларынан бастап жаңа тарифтер күшіне енуі мүмкін.