Бастама бір жыл ішінде 10 реттен көп әкімшілік жауапкершілікке тартылған жүргізушілерге қатысты болмақ.
Қазақстанда жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) жиі бұзатын жүргізушілер үшін айыппұлды 50 пайыз жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі алынуы мүмкін. Бұл туралы сенатор Марат Қожаев мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, бастама бір жыл ішінде 10 реттен көп әкімшілік жауапкершілікке тартылған жүргізушілерге қатысты болмақ. Яғни, жүйелі түрде жол ережесін бұзатын азаматтар 11-ші құқықбұзушылықтан бастап айыппұлды толық көлемде төлеуі мүмкін.
"Жыл ішінде 10 реттен артық ЖҚЕ бұзғандарды осы жеңілдіктен айыруды ұсындым. Он бірінші, он екінші немесе он үшінші реттен бастап айыппұлды толық төлеуі тиіс. Үкімет бұл ұсынысты қарады және қолдады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске енгізілетін келесі өзгерістер кезінде осы норманы бастамашы боламын", – деді сенатор.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстанда әкімшілік айыппұлды 7 жұмыс күні ішінде төлеген жағдайда, оның 50 пайызын ғана өтеуге болады.
Жеңілдікті пайдалану үшін:
Алайда:
Айыппұлды келесі платформалар арқылы төлеуге мүмкіндік бар:
Бұл шара жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтуге және жүйелі құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталмақ.