Отандық автоөндіріс рекорд тіркеді

Сарапшы, спорт журналисі

Былтыр елде 171 мыңнан астам көлік шығарылған.

Отандық автоөндіріс рекорд тіркеді
Inbusiness.kz

2025 жылы Қазақстан автомобиль өнеркәсібі тарихи көрсеткішке жетті. Отандық зауыттар 171 мыңнан астам көлік құрастырған. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 17,8%-ға көп. Соған қарамастан, республика әлі де импортқа тәуелді болып отыр.

Өндірістегі рекордтық өсім

Ресми дерекке сәйкес, 2025 жылы:

  • 159 мың жеңіл автокөлік,
  • 12,2 мың коммерциялық техника шығарылған.

Жалпы өндірілген өнімнің құны 2,3 трлн теңгеден асты. Машина жасау саласының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 41%-ға жетіп, рекорд орнатты. Өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында бұл көрсеткішті маңызды жетістік ретінде бағалады.

Салаға өткен жылы 113,6 млрд теңге инвестиция тартылды. Өсімге Қостанайдағы Allur, Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan, сондай-ақ Astana Motors кәсіпорындарының өндірістік қуатты арттыруы ықпал етті.

Қазақстанда Kia, Hyundai, Jetour секілді брендтердің жаңа модельдері шығарыла бастады.

Фото: kolesa.kz

Импорт әлі де басым

Өндірістегі өсімге қарамастан, Қазақстан әлі де автокөлік импортына тәуелділіктен арыла алар емес. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы машиналар мен жабдықтар импорты 29 млрд долларды құраған. Бұл жалпы импорт көлемінің 44,7%-ын құрайды.

Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылардың басым бөлігі Қытайдан келетін арзанырақ көліктерді таңдайды. Chery, Haval, Changan маркаларына сұраныс жоғары. Санға салсақ, былтыр Қытайдан Қазақстанға 211 мыңнан астам автокөлікБұл көрсеткіш бойынша Қазақстан қытайлық көліктер ең көп сатылатын 10 мемлекеттің қатарында. Неге импорт басым деген сауалған мамандар отандық өндірістің өзіндік құны жоғары екенін айтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір