Бір айдың қорытындысы бойынша Kia көш басына шықты.
2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның автомобиль нарығы айтарлықтай өсім көрсетті. Жаңа автокөліктер сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-дан астам артты. Ең бастысы — сатып алынған көліктердің 87,4%-ы Қазақстанда құрастырылған. Бұл туралы kursiv.media хабарлады.
Қазақ автомобиль одағының (ҚАО) мәліметінше, қаңтар айында ел бойынша 14,1 мың жаңа автокөлік сатылған. Бұл 2025 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 25,2%-ға көп.
Сарапшылардың айтуынша, ішкі нарықтағы өсім тұтынушылар сенімінің артуымен және жергілікті өндірістің кеңеюімен байланысты.
Қаңтар қорытындысы бойынша сатылым көлемі жағынан Kia бірінші орынға шықты. Бір айда 2,8 мың автокөлік сатылды. Бұл брендтің сатылымы былтырмен салыстырғанда 183,1%-ға өскен.
Қаңтар айындағы ең көп сатылған 5 марка:
Жалпы брендтер арасында Kia алда болғанымен, жеке модельдер рейтингінде Chevrolet Cobalt көш бастады. Қаңтарда бұл седанның 2,2 мың данасы сатылған.
Үздік үштікте сондай-ақ:
ҚАО президенті Анар Мақашева қазақстандықтардың “Қазақстанда жасалған” көліктерге сенімі артқанын атап өтті.
“Бұл ұлттық өнеркәсіптің қазіргі құзырет деңгейін көрсетеді. Мемлекет құрған инвестициялық климат, әлемдік автоөндіріс көшбасшыларынан технология тарту, ұлттық инвесторлардың белсенділігі және инженерлік кадрларды даярлау – осының бәрі соңғы жылдары қазақстандық автомобиль жасау саласының қарқынды дамуына ықпал етті”, – деді ол.
Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтар жергілікті құрастырылған автокөліктерді: