"Формула-1" чемпионатының араб елдерінде өтуі тиіс жарыстары аймақтағы қарулы қақтығыс кесірінен басқа жаққа көшірілуі мүмкін.
Маусым басталмай жатып "Формула-1" жарыстарына үлкен қауіп төнді. Бұған Таяу шығыстағы тұрақсыздық түрткі.
Дәл қазір Бахрейн мен Саудиядағы Гран-при өтпей қалуы мүмкін деген ақпар бар. Осыған байланысты "Формула-1" басшылары тығырықтан шығар іздеп әлек. Аталған жарыстар кезеңдеріне балама қарастыруға көшкен.
Күрделі ахуалға байланысты жуырда ФИА президенті Мұхамед Бен Сулайем мәлімдеме жасап, мәселе жіті назарда екенін жеткізді:
"Біз клубтармен, чемпионат промоутерлерімен, командалармен және оқиға орнында жүрген әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз. Жағдайды қадағалап отырмыз. Шешім қабылдау кезінде қауіпсіздік пен қатысушылардың амандығы басты назарда болады".
2026 жылғы маусым кестесіне сәйкес:
Әзірге жарыстарды өткізу немесе кейінге шегеру туралы нақты шешім қабылданбаған. Дегенмен, егер алдағы апталарда қауіпсіздікке қатысты күмән сақталса, кезеңдер тоқтатылуы мүмкін.
"Формула 1" басшылығы аталған екі елде жарыстар өтпейтін жағдайда балама нұсқаларды пысықтап жатыр. Жоспар пандемия кезеңіндегі схемаға ұқсас болуы ықтимал.
Резервтік мәртебесі бар трассалар ретінде:
Десе де, техникалық жабдықтарды тасымалдау айтарлықтай уақытты талап етеді. Сондықтан шешім неғұрлым ертерек қабылданса, логистикалық тұрғыдан соғұрлым тиімді болмақ.