ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 25-тур

Кәсіпкер Жахан Отарғалиевке қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

Әзіл әлемінің танымал өкілі Жахан Отарғалиев күтпеген жерден жаңа көлікке ие болды. Бұл сыйлықты оған белгілі кәсіпкер, автосалон иесі Айгүл Алдабергенова тарту етті. 

Кәсіпкер Жахан Отарғалиевке қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)
Qaz365.kz

Жаңа темір тұлпар — жарнамалық әріптестіктің нәтижесі

Шоумен бұл жағымды жаңалықты өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол жазбасында көліктің өзіне қатты ұнағанын және кәсіпкермен жарнамалық әріптестікке келіскенін атап өтті.

"Ұнаған көлік еді — айтқаным бірден орындалды", — деп жазды Отарғалиев.

Ол көлік салонының ресми парақшасында жарнамалық контент жасауға келісіп, соның нәтижесінде автокөліктің иесі атанғанын түсіндірді.

Кәсіпкер Айгүл Алдабергенова. ФОТО: instagram/@aigyl_aldabergenova

Желі қолданушыларының жылы лебіздері

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа бейжай қарамады. Көпшілік әзілкешке қолдау білдіріп, түрлі жылы тілектерін арнады:

  • "Тамаша! Құдай қаласа, бәрі мүмкін екен" 
  • "Осындай сыйлық бізге де бұйырса ғой" 
  • "Жаңа көлік құтты болсын! Мазасын тауып мін!" 
Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.