Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

сыйға тартты

Бұл бетте спортшылар мен өнер адамдарына жасалған сыйлықтар туралы жаңалықтар жинақталған: жеңістері үшін көлік, кабриолет пен зергерлік бұйым тарту етілген жағдайлар. Михаил Шайдоров, Әсел Қанай, Әбиба Әбужақынова, Александр Овечкин және басқа кейіпкерлерге қатысты материалдар мен видеолар бар.
Футбол

Францияда футболшылардың төбелесі кезінде әйел төреші жарақат алды (ВИДЕО)

Франциядағы жолдастық матч кезінде жаппай төбелесті тоқтатуға тырысқан бас төреші Матильда Демонсэның миы жеңіл шайқалғаны анықталды.

Ойыннан тыс

Naiza чемпионы "Джаксқа" сирек "Мустанг" кабриолеті сыйға тартылды (ВИДЕО)

Қазақстандық ММА файтері, Naiza лигасының жаңа чемпионы Жансерік Жақсығұлұлына ерекше сый жасалды.

Жекпе-жек

Алматыда ушу-саньдадан әлем чемпионына көлік сыйға тартылды

Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Тұрсынқұловқа су жаңа автокөлік табысталды.

Ойыннан тыс

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа уәде еткен көлікті табыстады

Қазақстанның әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа берген уәдесін орындап, сәнді автокөлік сыйлады.

Жаңалықтар

Сыйлықтар эстафетасы жалғасуда. Михаил Шайдоровқа тағы да тарту жасалды

Олимпиада чемпионына бұған дейін бірнеше көлік пен Астанадан үш бөлмелі пәтер берілген еді. 

Ойыннан тыс

Каратэші Әсел Қанай Жаңа жыл қарсаңында көлік мінді

Каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанайға Түркістанда автокөлік сыйға тартылды.

Футбол

«Көлікті қайтарсын!» — Ресейліктер Шерхан Қалмырзаға шүйлікті

«Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасындағы матчта ерекше гол өткізіп алды. 

Хоккей

Александр Овечкинге NHL рекорды үшін көлік сыйға тартылды

Мәскеудегі "ЦСКА Аренада" өткен қайырымдылық хоккей матчында хоккей әлемінің жарық жұлдыздары бас қосты. "Жыл матчы" деп аталған бұл кездесуде NHL (Ұлттық хоккей лигасы) мен KHL (Құрлықтық хоккей лигасы) ойыншылары өзара бақ сынасты.

Бәрі-бір

"1 медаль = 1 машина": Әбиба Әбужақынова тарихи жүлде үшін темір тұлпар мінді (ФОТО)

Дзюдодан әлем чемпионатының финалына алғаш жеткен қазақстандық спортшы қыз Әбиба Әбужақынова күміс медаль үшін жаңа көлікке ие болды.

Бәрі-бір

"8 бала табыңыз": Айгүл Иманбаеваның тыңдарманы гауһар білезігін сыйлады (ВИДЕО)

Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында жан тебірентерлік сәттің видеосын жариялады. Видеода той үстінде әншіні көріп қалған тыңдарман оның қолына гауһар таспен көмкерілген білезігін сыйға тартқанын көруге болады.

Бәрі-бір

Кәсіпкер Жахан Отарғалиевке қымбат сыйлық жасады (ВИДЕО)

Әзіл әлемінің танымал өкілі Жахан Отарғалиев күтпеген жерден жаңа көлікке ие болды. Бұл сыйлықты оған белгілі кәсіпкер, автосалон иесі Айгүл Алдабергенова тарту етті.