Олимпиада чемпионына бұған дейін бірнеше көлік пен Астанадан үш бөлмелі пәтер берілген еді.
Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер иесі атанбақ. Сыйлықты "Алтыналмас" компаниясы табыстамақ.
Спортшы мен компания арасындағы әріптестік 2022 жылы басталған. Келісім аясында Михаил Шайдоровқа тұрақты түрде демеушілік қолдау көрсетіліп отырған.
Бөлінген қаржы спортшының:
"Олимпиада шыңын бағындыру – жеңіс тұғырына дейінгі ұзақ жылдарды қажет ететін қажырлы еңбек. Біз осынау даңқты жолдың бір бөлшегі болғанымызға қуаныштымыз", – деді компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Жұманбаев.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпкер Арсен Томский Михаил Шайдоровтың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйға тартқан болатын.
Сонымен қатар, Ulytau Group компаниясы Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады. Ал Димаш Құдайберген Олимпиада чемпионына автокөлік тарту ететінін мәлімдеген еді.
Еске салайық, Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада ойындарында тарихи жеңіске жетіп, Қазақстан қоржынына алтын медаль салған еді. Ол мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды.