Grand Slam Ташкент-2026: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Ташкентте өтетін Grand Slam-2026 халықаралық турнирінде Қазақстан намысын 14 дзюдошы қорғайды.
Grand Slam-2026 ресми сайты Ташкентте (Өзбекстан) өтетін халықаралық турнирге қатысатын дзюдодан Қазақстан құрамасының тізімін жариялады.
Беделді бәсекеде Қазақстан намысын 13 ер спортшы және бір әйел спортшы қорғайды.
Ерлер:
- 60 кг: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар;
- 66 кг: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов;
- 73 кг: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин;
- 81 кг: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді;
- 90 кг: Барақ Арқабай;
- 100 кг: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев;
- +100 кг: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев;
Әйелдер:
- +78 кг: Назгүл Маратова.
Ірі турнир қай күндері өтеді?
Grand Slam Tashkent-2026 турнирі 2026 жылғы 27 ақпан мен 1 наурыз аралығында Өзбекстан астанасындағы "Хумо Аренада" өтеді. Жарысқа әлемнің 40 елінен 380-нен астам спортшы қатысады деп күтілуде. Бұл бәсеке IJF Әлемдік турының маңызды кезеңдерінің бірі саналады, онда спортшылар әлемдік рейтинг үшін ұпай жинайды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.