ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

"Қайрат" Чемпиондар лигасында ширек финалдық матчын өткізді

Алматыда футзалдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалындағы алғашқы ойын өтті. 

"Қайрат" Испанияның "Картахена" клубын қабылдады. Ойын барысында қонақтар сапынан Дарио Хиль мен Марсело мергендік танытты. Ал алматылықтардың жалғыз голын Вандесон соқты. Нәтижесінде алғашқы кездесуде басымдық испаниялық ұжымға өтті. Есеп 1:2.

Екі матчтың қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтетін команда анықталады. Қарымта ойын 6 наурызда өтеді.

Айта кетейік, екі ойыннан тұратын текетірестер нәтижесінде финалдық кезеңге шығатын төрт команда белгілі болады. Финалдық саты 8–10 мамыр аралығында Италияның Пезаро қаласында өтеді.

Биылғы маусымда турнир құрылымында өзгеріс бар. Бұған дейін болған элиталық раундтың орнына 1/8 финал енгізіліп, дәл осы кезең нәтижесі бойынша төрт ширек финал жұбы жасақталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.