Каратэші Әсел Қанай Жаңа жыл қарсаңында көлік мінді

Сарапшы, спорт журналисі

Каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанайға Түркістанда автокөлік сыйға тартылды.

Каратэші Әсел Қанай Жаңа жыл қарсаңында көлік мінді
sportilinet.kz

«Ескі арманым орындалды»

Спортшы бұл жаңалығын Instagram парақшасында жариялап, алғашқы көлігін алу — көптен күткен арманының орындалуы екенін атап өтті. Оның айтуынша, жетістіктерінің артында ең алдымен ата-анасының қолдауы бар.

Әселдің сөзінше, өзі қарапайым отбасында өсіп, халықаралық аренадағы нәтижелерге жақындарының сенімі мен тәрбиесі арқылы жеткен.

Көлік кілтін кім табыстады?

Спортшыға автокөлік кілтін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров салтанатты түрде табыстаған7

Әсел Қанайдың жүлдесі желтоқсан айының басында Каирде өткен каратэден әлем чемпионатында келген. Түркістан облысының өкілі жеке сынға қатысып, кумитэ -61 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қола медаль үшін болған белдесуде қазақстандық спортшы Украина өкілі Александра Шолохованы 3:2 есебімен жеңіп шыққан.

Маусымды жоғары нәтижемен аяқтаған Әсел Қанай қысқа демалыстан кейін Азия ойындарына дайындықты бастайтынын жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір