Геннадий Головкин Роналдумен кездесуде сенсациялық мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстан боксындағы аңыз тұлға, World Boxing ұйымының президенті әрі ҚР ҰОК басшысы Геннадий Головкин Португалия футболының жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесіп, алдағы жоспары жайлы қысқаша пікір айтты.

Геннадий Головкин Роналдумен кездесуде сенсациялық мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
.essentiallysports.com

Эр-Риядтағы кездесу қалай өтті?

Кездесу Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында болған. Бұған дейін Головкин осы қалада өткен бокс кешіне қатысқан. Сол кештің басты жекпе-жегінде жапониялық Наоя Иноуэ мексикалық Давид Пикассоны жеңіп, жанкүйерлерді дүр сілкіндірді.

Ал Роналду дәл бүгін өз командасы сапында «Әл-Ахдуд» қақпасына дубль жасап, тағы бір нәтижелі ойынымен көзге түсті.

Видеода не айтылды?

GGG жариялаған видеода екі спорт жұлдызының жылы амандасып, аз-кем әңгімелескені көрінеді. Әңгіме барысында Геннадий Головкин келесі жылы тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтып қалады. Бұл үзінді желіде қызу талқыланып жатыр.

Қазір Геннадий Головкин 43 жаста. Оның ресми жекпе-жексіз жүргеніне үш жылдан аса уақыт болды. Соған қарамастан, видеодағы қысқа мәлімдеме жанкүйерлерге үміт сыйлағандай.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір