Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Жаужүрек мың бала" фильмінің жұлдызы үшінші рет әке атанады (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
21.05.2025, 13:02

Қазақ киносының танымал актері, "Жаужүрек мың бала" фильмі арқылы көпшілікке танылған Артур Төлепов жақында үшінші рет әке атанады. Бұл қуанышты жаңалықты жұбайы Мәдина Төлепова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Мәдина Төлепова: "Менде керемет жаңалық бар!" 

Мәдина Төлепова екі баласымен түскен суретін жариялап:

"Менде сондай тамаша жаңалық бар", – деп жазды.

Суретте табиғат аясындағы пикник кезінде түсірілген сәт бейнеленген. Кадрдан болашақ ананың дөңгеленген іші анық көрінеді.

Әлеуметтік желідегі жылы тілектер

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жас отбасыны құттықтауға асықты. Ең алғашқы лебіздердің бірі актердің туған інісі – Асылхан Төлеповтен келді. Ол да" Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған.

"Келін!" – деп жазып, жүрекшелі сүйіс смайлигін тіркеді.

Желі қолданушыларының пікірлері:

  • "Мен іштей сезіп едім!" 
  • "Құтты болсын!" 
  • "Жеңіл босану тілейміз!" 
  • "Ең бастысы – денсаулық!" 
  • "Көз тимесін!" 
  • "Сәбиіңізді қолыңызға алатын күн тез келсін!" 
  • "Бізге де сондай бақыт бұйырсын!" – деген тілек-лебіздер қарша борады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір