"Міне, осы – нағыз бақыт": Беркут әсерлі сәтті көрсетті (ВИДЕО)
Қазақ эстрадасының танымал әншісі Беркут (шын есімі — Айбек Жансейітов) өз өміріндегі ең үлкен қуаныштың бірін бөлісті. Жуырда төртінші рет әке атанған өнер иесі анасы, жұбайы және жаңа туған қызы бейнеленген жанды видеосын жариялады.
Үш буын — бір кадрда
Бейнежазбада Беркуттың жанындағы үш әйел — оның анасы Айша Көпжасарова, жұбайы Аиша және нәрестесі Латифа көрініс тапқан. Бұл сәтті әнші “Менің бақытым” деп сипаттап, ерекше эмоциямен бөлісті.
“Аллаға шүкір. Анам қасымда — Айша Көпжасарова. Кішкентай қызым — Латифа”, — деп жазды Беркут өзінің парақшасына.
Сонымен қатар ол #Беркут_Аиша хештегін қалдырып, жүрек пен көз тимесін бейнелейтін смайликтерді де қосқан.
Нәресте “қырқынан шыққан”
Жаңа туған сәби қырқынан шығарылған, бұл — қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Осы рәсімнен кейін Беркуттың отбасылық суреті жұрт назарына ұсынылып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Желі қолданушылары жылы тілектерін жаудырып жатыр:
- “Аиша — нағыз келін! Кейбіреулер ене мен атамен тұрмаймын дейді ғой…”
- “Бақыт деген осы шығар. Анаңыз бен балаңызға амандық тілейміз!”
- “Сіздерді жақсы көреміз! Отбасыңызға шаттық тілейміз!”