Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жолдасбек Әбдиханов ауыр жарақат алды: барлық шығармашылық жоспар кейінге қалдырылды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық белгілі әнші Жолдасбек Әбдиханов көпқабатты үйдің лифтісінде болған техникалық ақаудан кейін ауыр дене жарақатын алды. Бұл туралы ақпарат оның Instagram парақшасында жарияланды.

Жолдасбек Әбдиханов ауыр жарақат алды: барлық шығармашылық жоспар кейінге қалдырылды
instagram/@zholdasbek_abdikhanov

Жарақат қалай болды?

Оқиға 2025 жылдың 25 маусымында болған. Әнші тұрған тұрғын үй кешеніндегі лифт кенеттен тоқтап, қатты сілкініс тіркелген. Осы сәтте Жолдасбектің мойын және бел-омыртқа тұсы зақымданып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер қандай диагноз қойды?

Медициналық тексеріс нәтижесінде келесідей диагноздар анықталған:

  • Омыртқааралық дискі қозғалысы
  • Жүйке түйіндерінің қысылуы
  • Мойын-бел бөлігіндегі ауыр жарақат

Әнші қазір қимылсыз күйде, медициналық құрылғылармен ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына байланысты 4-6 ай көлемінде сахна мен кез келген белсенді қызметке тыйым салынғанын мәлімдеді.

Барлық шығармашылық жұмыс тоқтады

Жолдасбек Әбдихановтың шығармашылық тобы жариялаған мәлімдемеде былай делінген:

“Қазір Жолдасбек мырза толық тыныштық пен күтімді қажет етеді. Барлық жоспарланған түсірілім, концерт және шығармашылық жобалар уақытша тоқтатылды. Бұрын жасалған келісімдерге байланысты орын алған кідірістер үшін тыңдармандардан кешірім сұраймыз. Ол – сіздердің шынайы қолдауларыңыз бен дұғаларыңызға мұқтаж”.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір