
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Ақбота-Нұрдың жақын қатынасы жұрттың назарын аударды. Әлімжанов Ақбота-Нұрдың қолын ұстап, оның тамырын тексеріп тұрғандай әсер қалдырған бұл сәт көпшілікті түрлі ойға жетеледі.
Бұл бейнежазбаны көрген желі қолданушылары бірден пікір жазуға асықты. Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеодағы көрініске байланысты кейбір желі қолданушылары мынадай пікір білдірді:
Мұндай пікірлер бейнежазбадағы сәттің әсерлі шыққанын дәлелдейді. Бұл жайт желі қолданушыларының қызығушылығын тудырып, танымал тұлғалардың әрбір әрекеті қоғам назарынан тыс қалмайтынын тағы бір мәрте көрсетті.
Көпшілік Нұрлан Әлімжанов пен Ақбота-Нұр арасындағы байланыстың рас па, әлде бұл жай ғана түсірілім кезіндегі сәт пе деген сауалдар қойып жатыр. Өнер иелерінің арасындағы осындай сәттер желіде жылдам таралып, олар жайлы қауесеттерді күшейтеді.
Айта кетейік, бұл жағдай туралы нақты ресми мәлімдеме жасалмаған.