
Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тағы да әлеуметтік желіде қызу талқылауға түсті. Бұл жолы өнер иесі өзінің мемлекеттік марапатын алға тартып, еркін пікір айту құқығын қорғады.
Әншінің айтуынша, ол – мемлекетке еңбек сіңірген қайраткер, бұл мәртебені Қазақстан Президентінің өзі бекіткен.
"Мен өз пікірімді білдіруге толық құқылымын. Әр адамның жеке көзқарасы болуы керек. Мемлекетке сіңірген еңбегім елеулі. Бұл атақты маған еліміздің Президенті өзі қол қойып берді. Бұл марапат “халық әртісі” атағына пара-пар", – деді ол бейнеүндеуінде.
Меруерттің бұл пікірі бірқатар оқырманның ашуын туғызды. Әлеуметтік желіде оған қатысты түрлі пікірлер жазылды:
Желіде кейбір қолданушылар оны Баян Алагөзовамен қақтығысқа түскенін меңзеп, тіпті қоянға теңеген сәттерін де мысқылмен еске алды.