
Қазақстандық танымал файтер Қуат "Найман" Хамитов өзінің жеке өмірі мен өмірлік ұстанымдары жайында Instagram парақшасында ашық пікір білдірді.
Қазақтың белгілі спортшысы соңғы уақытта шаңырақ көтеру мәселесіне ерекше назар аударып жүргенін айтып өтті. Әлеуметтік желідегі жазбасында ол болашақ жарын орамал таққан арулардың арасынан көргісі келетінін жасырмады.
"Соңғы уақытта үйлену туралы ойлап жүрмін. Үміт хиджабтағы аруларда. Ондай орамалды қыздарды бұрыннан ұнатып келемін", – деп жазды Хамитов.
Қуат Хамитов тек жеке өмірі емес, сонымен бірге өзінің өмір салты мен құндылықтары туралы да ой қозғады. Спортшының айтуынша, ол зиянды әдеттерден аулақ және бар жетістігіне таза еңбектің арқасында жеткен.
"Алкоголь, темекі, насыбай, кальян дегенді аузыма алып көрген емеспін. Ешқашан әйелге қол көтеріп, балағаттаған емеспін. Дипломымды өз еңбегіммен алдым. Оқу оқып жүріп те жұмыс істедім, спортпен де шұғылдандым. Қазіргі жетістігім – маңдай терімнің арқасы. 40-қа жуық кәсіби жекпе-жек өткіздім", – деді ол.
Қуат Хамитовтың бұл жазбасы әлеуметтік желіде кең таралып, желі қолданушылары арасында түрлі пікірлер тудырды. Бірі оны қолдаса, енді бірі сыни көзқарастарын білдірді.