
Қазақстандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына ашық жауап берді.
Сұхбат форматында өткен Instagram парақшасында Айсәулеге бет әлпетіне жасалған өзгерістер туралы сұрақ қойылды. Оқырмандардың бірі: «Сізге Джоли профилі жасалған ба? Иек тұсыңыз ерекше көзге түседі» деп сұрады. Бұл сұраққа Айсәуле Бақытбек келесідей жауап берді:
"Мен әзірге ештеңе істеткен жоқпын. Блефаропластика да жасатқан жоқпын. Біреулер: “Неге жасырып жүрсіз?” деп жазыпты. Егер бірдеңе жасатқан болсам, жасырып жүрмес едім. Мұнда ұятты ештеңе жоқ қой. Бірақ әзірге шынымен ештеңе істеткен жоқпын. Бірақ аздап кейін бастауға болады... Мысалы, ботокс секілді", – деді ол.
Соңғы уақытта танымал тұлғалар бет әлпетіне жасалған немесе жасалмаған өзгертулер туралы ашық айтып жүргені байқалады. Айсәуле Бақытбектің де бұл қадамы – қоғаммен сенімді қарым-қатынас орнатудың бір мысалы.
Ол өз блогы арқылы сән, стиль, жеке өмір және қоғамдық тақырыптар төңірегінде жиі пікір білдіріп отырады. Айсәуле ел ішінде танымал инфлюенсерлердің бірі ретінде танылған.