
Танымал тележүргізуші және әнші Аша Матай әлеуметтік желідегі әсерлі жазбасымен жұрт назарын өзіне аудартты.
Аша Матай өзінің Instagram парақшасында көңіл күйінің ауытқулары туралы жазып, өмірдің кей сәттері адамды шаршататынын жасырмады. Ол осындай қиын шақтарда өмірдің жарқын сәттеріне назар аударудың маңыздылығын атап өтті.
"Кейде бәрінен шаршайсың, қашып кеткің келеді. Бірақ дәл сол мезетте күннің шуағы, бір ауыз жылы сөз немесе бейтаныс адамның күлімсіреуі бәрін өзгертуі мүмкін. Өмірде жарық нүктелер бар – тек соны көруге тырысу керек. Жақсылықты байқай білсең, жүрегің де, өмірің де нұрлана түседі", – деп жазды ол.
Аша Матайдың шынайы жазбасы желі қолданушыларының жылы лебізіне ие болды. Олар әншінің батылдығына риза болып, пікір қалдырды:
Аша Матай – Қазақстандағы шоу-бизнес саласында танымал есім. Ол әншілік, тележүргізушілік және актрисалық қырын қатар алып жүрген жан. Түрлі тележобалар мен мәдени шараларда көрініп, халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр.
Жуырда ол әлеуметтік желіде әкесіне жасаған сыйлығы жайлы жазба жариялады. Сыйлық – ерекше сағат, оны жездесі Тұрсын Алагөзов пен әпкесі Баян Алагөзова тарту еткен. Сонымен қатар, ол отбасына бар уақытын арнап жүргенін айтып, кино саласына уақытша үзіліс жасағанын жеткізді.
Сондай-ақ, Аша Instagram парақшасында әйел бақыты, ішкі үйлесім мен рухани тыныштық туралы ойларымен де бөлісіп отырады.