
Ол сүйіктісі Нұрила Шакировамен бірге өткізген гендер пати видеосын Instagram парақшасында бөлісті.
Қазақстандық әйгілі Ninety One тобының мүшесі, АСЕ лақап атымен танымал әнші Азамат Ашмақын әке болды деген сүйінші хабарды жариялады. Әнші көптен күткен қуанышты жаңалығын өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Бұл жаңалық қазақстандық шоу-бизнес жанкүйерлері үшін үлкен оқиғаға айналды.
Ninety One әке атанды деген ақпарат жанкүйерлерді таңғалдырды. Әнші сүйіктісімен бірге өткен гендер пати кезіндегі видеоны жариялап, көптен күткен сәттің келгенін жеткізді.
«Бүгін өміріміздегі маңызды да көптен күткен сәтті бөліскім келеді. Бұл сәтті біз үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын. Сіздерді осы жылы әрі қуанышты күнді бізбен бірге өткізуге біздің гендер патиге шақырамыз», – деп жазды Ninety One топ мүшесі АСЕ.
Белгілі болғандай, Азамат Ашмақынның жары — Нұрила Шакирова. Ол Instagram парақшасында өзін продюсер ретінде таныстырған. Әлеуметтік желі қолданушылары жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, қуанышты жаңалыққа құттықтау білдіруде.