
Қазақстанның халық әртісі, қазақ өнерінің бұлбұлы Роза Рымбаева марқұм жұбайы – белгілі күйші әрі сазгер Тасқын Оқаповты сағынышпен еске алды. Әнші оның қазасы өз жүрегінде "жазылмас жара" болып қалғанын ашық айтты.
Рымбаеваның сөзінше, ол сүйікті жарынан айырылғаннан кейінгі қайғыны әлі күнге дейін жүрегінде сақтап келеді. Дегенмен өнер жұлдызы перзенттері үшін қайсарлық танытып, олардың алдында әлсіздік көрсетпеуге тырысқан.
"Мен үшін ең бастысы – балаларымның болашағы. Сондықтан өзімді қолға алып, оларды сабырға, төзімге тәрбиелеуді мақсат еттім", – деді әнші.
Әншінің жан тебірентерлік әңгімесі желі қолданушыларының жүрегіне жетті. Көпшілік Роза Рымбаеваның аналық мейірімі мен өмірлік ұстанымына тәнті болып, оған жылы лебіздерін білдірді.