Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Неге бұлай бұзды?" Сәбина Алтынбекова сұхбатынан кейін сынға қалды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова журналист Динара Сәтжанға сұхбат берді. Алайда бұл сұхбат көбісінің көңілінен шықпады. 

"Неге бұлай бұзды?" Сәбина Алтынбекова сұхбатынан кейін сынға қалды
instagram/@altynbekova_20

Әлеуметтік желідегі сын пікірлер

Көрермендердің басым бөлігі Сәбинаның сөзін жасандылыққа балап, пікір қалдырды:

  • "Сәбина психологтардың бәріне барған сияқты, тек олардың сөздерімен сөйлейді. Шынайылық жоқ, тек инфоцығандардың тіркестері. Неге қарапайым тілмен сөйлемейді?" 
  • "Шынайылық сезілмейді, Сабина дайын мәтінді жаттап алғандай әсер қалдырды".
  • "Даусынан тыныштық пен жеңілдік байқалмайды. Бәрін араластырып айтады — бас ауырады".
  • "Бұл сұхбаттан кейін түсіндім: ол тек әдемі бейне, бәлкім мықты волейболшы. Бірақ кейде сұхбат бермей, жұмбақ күйінде қалған дұрыс шығар, әйтпесе көрермендер үшін тек көңіл қалу болып шығады".

"Пластика" төңірегіндегі күдік

Кейбір жанкүйерлер Сәбинаның түр-әлпетіне қатысты пікір білдіріп, оның пластикалық операция жасағанын болжады:

  • "Неге пластикалық операция жайлы сұрамады? Неге оны жасады екен?" 
  • "Бірдеңе өзгерген сияқты. Пластика ма, әлде есейген бе? Бұрын көзі әдемі, дөңгеленіп тұратын, енді түлкі көз болып кеткен. Неге бұлай бұзды?" 
  • "Жақсы жағына емес, өзгеше өзгерген. Әрине, пластика жасаған сияқты — көзі қиғаштанып кетіпті".

Жақтаушылардың жылы лебіздері

Сонымен бірге Сәбинаны қолдайтын жанкүйерлер де аз емес:

  • "Ол өз саласында үлкен жетістікке жетті. Бұл — орасан еңбек".
  • "Осындай адамдарды жақсы көремін! Өзіне сенімді болу — ең маңыздысы".
  • "Ақылды, әдемі, сенімді әрі харизматикалық Сәбина. Рухы мықты, қиындыққа сынбады. Халқының дана әрі лайықты қызы".
  • "Өте әдемі әрі сымбатты Сәбина! Қазақстан спортына қайта оралғанына қуаныштымын".
  • "Қандай керемет сауатты сөйлейді! Тәрбиелі, ақылды, әдемі, күшті!" 
  • "Керемет Сәбина! Қызғаншақтар бір шетте тұра берсін". 
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір