
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова Динара Сәтжанға берген сұхбатында, отбасылық өмірі, бұрынғы жұбайымен қарым-қатынасы және болашаққа көзқарасы жайлы ашық айтты.
Алтынбекова кәсіби спорттағы белсенділігіне қарамастан, отбасы әрқашан басты орында тұрғанын және тепе-теңдікті сақтауда бұрынғы жұбайының қолдауы маңызды рөл атқарғанын жасырмады:
«Мен бәрін үйлестіре аламын. Иә, қиын, жеңіл емес, бірақ мүмкін. Сол себепті өмірімнің бір бөлігі екіншісіне кедергі болды деп айта алмаймын. Бұл, мүмкін, баламның әкесінің де арқасы шығар. Ол маған асығыс жағдай жасатпай, спорт пен отбасына жеткілікті көңіл бөлуіме мүмкіндік берді».— деді спортшы.
Сәбина Алтынбекова ажырасуды сабырмен қабылдағанын атап өтті. Ол бұрынғы жұбайын жақсы әке ретінде бағалап, ұлымен арасындағы ерекше байланысты ерекше атап өтті:
«Экс-жолдас тамаша әке. Мұны мен әрқашан айтамын. Ол ұлымызды қатты жақсы көреді, екеуінің арасында ерекше байланыс бар».
Сонымен қатар спортшы экс-жолдасымен қайта қосылу мүмкіндігіне нақты жауап бермей, болашаққа ашық көзқарас білдірді:
«Ешқашан «былай болады» деп айтпаймын. Өз тағдырымды білмеймін, ертең не болатынын да білмеймін. Бірақ кейін жауап беруге тура келетін сөз айтқым келмейді», - деп қосты Сәбина.
Алтынбекова бұл сұхбатында ажырасудан кейін де бұрынғы жұбайымен жылы қарым-қатынаста екенін айтып, болашақтағы мүмкіндіктерге есік жаппайтынын жеткізді.