
Өнер иесі күйеуіне таңғы ас әзірлей бастағанын жасырмады.
Қазақстандық танымал әнші әрі продюсер Айгүл Иманбаева тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі мен қазіргі тұрмысы жайлы айтып берді. Әнші қазір Америкада тұрып жатқанын мәлімдеп, күнделікті әдеттері өзгергенін жеткізді.
«Қазір Америкада тұрып жатырмын. Өмірімнің өзгергені рас. Таңғы 5-те тұрамын. 25 жылдан кейін ас үйге кіріп, тамақ жасай бастадым. Алматыда жүргенде ондайға уақытым болмайтын. Тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіме таңғы ас дайындап жүрмін. Түрлі дәмдеуіштердің атын жаттап алдым. Ең қызығы – уақытылы тамақтанғаннан кейін салмақ тастадым. Кешкі 8-ден кейін ас үйге ешкім кірмейді. Бұл — менің талабым», – деді әнші.
Эстрада жұлдызы өз сөзінде кезінде Лондонда оқыған сәттерін де еске алды.
«Лондон мені сындырып, тәкаппар мінезімді орнына қойды. Ай сайын шәкіртақым 900 мың теңге болды. Оны жеткізуге тырысатынмын. Ол жақта елдегідей той-томалақ жоқ, тек оқу керек. Өмірімде алғаш рет көше тамақтарын сол жерде жедім. Алматыда мүлде жемейтінмін. Автобус, метромен жүрдім. Бір жыл қиналдым. Қазақстандағы жеке мектебімнің директорларынан ақша сұраған кезім де болды», – деп ағынан жарылды Айгүл Иманбаева.
Әнші тұрмысқа шыққаннан кейін: