Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Айгүл Иманбаева екінші рет әже атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның танымал актрисасы әрі әншісі, «Жұлдызға арналған коктейль» фильмінің жұлдызы Айгүл Иманбаева екінші рет әже атанды.

Айгүл Иманбаева екінші рет әже атанды
azattyq-ruhy.kz

Танымал актриса мен әншінің отбасы қуанышы

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында сүйінші жаңалығын жария етті. 

«Жақсы жаңалық, достар! Енді мен екі немеренің әжесімін! Айсұлу – Айсултан!» — деп жазды Айгүл Иманбаева Instagram сторисінде.

48 жастағы өнер иесі алғаш рет жаңа туған немересімен түскен суретін перзентханадан бөлісті. Кадрда Айгүл сәбиді қолына алып, қуаныш пен мейірімге толы жүзбен камераға қарап тұр.

«Барлық мадақ Аллаға! Айсултан Асылжанұлы», — деп жазды ол фото астына.

Айгүл Иманбаеваның бір ұлы бар, енді ол екі немеренің әжесі атанып отыр.

Отбасылық өмір және жаңа мәртебе

Белгілі өнерпаз бұдан бір жыл бұрын тұрмысқа шыққан еді. Оның жұбайы — 10 жылдан астам уақыт АҚШ-та өмір сүрген азамат. Сол жақта танысып, кейін некелерін қидырған.

«Мен енді найманның келіні болдым», — деп күлкімен бөліскен болатын актриса.

Бұған дейін жазда Айгүл Иманбаева ұлы мен келініне, сондай-ақ бір жасқа толған немересіне арналған үлкен той өткізген еді. Сол кезде әлеуметтік желілерде актрисаны «жүктілікке күдіктенгендер» де болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір