Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Менің ақшама Меккеге барып келді": Дариға Бадықова күйеуі туралы мәлімдеме жасады

Сарапшы, спорт журналисі

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуі, актер Дархан Мұсаевқа қатысты тың мәліметтерді бөлісті.

"Менің ақшама Меккеге барып келді": Дариға Бадықова күйеуі туралы мәлімдеме жасады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Өнер иесі күйеуінің ақша табуға қабілетсіз екенін жасырмады. 

“Жер үйді салған кезде ақша жоқ. Қақпасы жоқ үйден кіріп-шығуға ұялатынмын. Бұйырғаны болады ғой, Құдай береді дейді. Сөйтсе, "Құдайы – мен". Иә, жерді алды, бірақ үйді менің ақшама салдық. Бірақ мен үйді беріп кеттім. Мен неге осы уақытқа дейін ол кісінің газын, светін төйлеп отырдым?! Театрда жүреді, бірақ маған рөл бермейді деп отырады. Рөл бермесе кетпейсің бе енді, дедім. Қолындағысын лақтырады, қирата салады”, – деді актриса.

Одан кейін кино жұлдызды күйеуінің “басқа біреуі барын сезгенмін” деген сөзін жоққа шығарды.

"Таптым-ау сені" киносын түсірмей жатып үйден кетіп қалған адаммын. Мен жүріп кеткен, көзіне шөп салып кеткен әйел болсам ол менен көк тиын алмайтын еді. Дүкеннен нан ала сал десең, ақша берсеңші дейді. Нанға ақшасы жоқ. Аузына Алланы алып "құрбан" болмай-ақ қойсын. Меккеге жолдама алып берші деп алғызып алды. Меккеге миллион теңге бердім. Менің ақшаммен екі рет Меккеге барып келді", – дейді актриса Дариға Бадықова.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір