Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Бокс аңызы Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы өз-өзіне қол жұмсады

Сарапшы, спорт журналисі

Мәйітін оның достарының бірі жалдап тұрған пәтерден күзетші тапқан.

Бокс аңызы Артуро Гаттидің 17 жастағы ұлы өз-өзіне қол жұмсады
Сүрет: ашық дереккөздерден

Аса танымал боксшы, екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Артуро Гаттидің ұлы - Артуро Гатти (кіші) Мексика астанасы Мехикода 17 жасында қайтыс болды.

World Boxing News басылымының хабарлауынша, Гаттидің мәйітін оның достарының бірі жалдап тұрған пәтерден күзетші Чака Зито тапқан. Жас спортшы асылып қалған.

Артуро Гатти (кіші) әкесінің жолын қуып, бокспен кәсіби түрде айналысуды армандаған. Ол алғаш рет алты жасында жаттыға бастаған және әуесқой турнирлерге қатысып жүрген. Жақын арада кәсіпқой рингке шығуы жоспарланған еді.

Айта кетейік, оның әкесі - әйгілі Артуро Гатти (үлкен) 2009 жылы Бразилияда демалыс кезінде жұмбақ жағдайда көз жұмған. Сол кезде спортшы пәтерінде өлі табылып, сараптама қорытындысы оның өз-өзіне қол жұмсағанын көрсеткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір