Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үсік пен жел: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі

Синоптиктер жексенбі, 12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауыл тұратынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Үсік пен жел: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Сурет: ашық дереккөздерден

Астана:
12 қазанда солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысы:
Солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел түнде облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында, ал күндіз өңірдің көп бөлігінде 15–20 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Көкшетау: Күндіз жел екпіні 15–20 м/с.

Алматы облысы:
12–13 қазанда облыстың солтүстігінде төтенше, ал батысында жоғары өрт қаупі байқалады.

Түркістан облысы:
12 қазанда күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда оңтүстік-батыстан 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шөлді өңірлерінде төтенше өрт қаупі бар.
Шымкент: күндіз жел екпіні 15–20 м/с.
Түркістан: төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы:
Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және шығысында найзағай болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғып, кей жерлерде 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстігінде және орталығында жоғары, ал басқа аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Орал: күндіз найзағай, жоғары өрт қаупі.

Ақтөбе облысы:
Оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жоғары, ал батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе: жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы:
12–13 қазанда өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы:
Оңтүстігінде өрт қаупі, ал орталығы мен шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Жезқазған: жоғары өрт қаупі.

Қарағанды облысы:
Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз солтүстікте жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Абай облысы:
Түнде және күндіз тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстіктен, күндіз оңтүстік-батыста 15–20 м/с. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы:
Түнде таулы аудандарда тұман, үсік (–1°) болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кейде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Тараз: күндіз жел күші 15–28 м/с аралығында.

Шығыс Қазақстан облысы:
Түнде және күндіз тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел бағытын шығыстан солтүстік-батысқа ауыстырып, кейде 15–20 м/с дейін күшейеді.

Жетісу облысы:
Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде 1–6° үсік жүреді.
Талдықорған: түнде 3–5° үсік.

Маңғыстау облысы:
Түнде және таңертең тұман, жоғары өрт қаупі күтіледі.
Ақтау: тұман және жоғары өрт қаупі.

Атырау облысы:
Түнде және таңертең тұман. Көп бөлігінде төтенше, ал кей жерлерінде жоғары өрт қаупі бар.
Атырау: өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы:
Түнде және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, 15–20 м/с, ал кейде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Петропавл: күндіз жел екпіні 15–20 м/с.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір