
Қазгидромет" РМК 11 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде күн райы бұзылатынын хабарлап, ескерту жариялады.
Атырау облысы:
Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік және шығыс аймақтарда жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерде төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығыс пен батыста жоғары өрт қаупі болжанады.
Ұлытау облысы:
Шығысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы:
Аймақ бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысы:
Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы:
Күндіз батыс, солтүстік және орталық аудандарда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, екпіні 15–18 м/с болады. Оңтүстік пен солтүстікте жоғары, ал батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысы:
Түнде солтүстік және оңтүстігінде ауа температурасы 1–3°С суыққа дейін төмендеп, үсік жүреді. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы мен Қонаев қалаларында 11 қазанға қараған түні топырақ беті қатып, 1°С суық болуы ықтимал.
Ақмола облысы:
Күндіз батыс, солтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы:
Түнде және таңертең солтүстік пен шығысында тұман күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы:
Түнде және таңертең батыс пен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз солтүстік пен шығыста оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Батыс, солтүстік және орталық бөліктерде жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы:
Түнде және таңертең батыс пен орталық бөліктерде тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы:
Солтүстік-шығыстан жел соғады, ал күндіз солтүстік-шығыс және таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде батыс, солтүстік және таулы аудандарда ауа температурасы 1–3°С дейін төмендеп, үсік жүреді. Батыс пен солтүстігінде төтенше, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Шығыс және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіліп, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Солтүстік пен шығыста шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысы:
Солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі. Батыс, солтүстік және оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Қостанай облысы:
Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.