
Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, қауылға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес:
Сондай-ақ қарыз алушыға төлем қабілетін растау үшін тең қарыз алушыны ғана емес, кепіл болатын адамды да тартуға мүмкіндік беріледі.
Ал кредиттік өтінімді қарау кезінде қарыз алушының кірісі тоқтаусыз жүргені маңызды шарт болады.
Бұл ретте ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлерi мен бағдарламаның талаптары өзгерiссiз қалып отыр.
"7-20-25" бағдарламасы 2018 жылы іске қосылды. Мақсат – 20 пайыздан басталатын бастапқы жарнасы бар жұмыс істейтін азаматтарды 25 жылға дейінгі мерзімге жылдық 7 пайыз жеңілдетілген мөлшерлемесімен қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету.
2025 жылғы 2 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама аясында 1 149,7 млрд теңгеге 81 886 жеңілдетілген қарыз берілген.