
"Қазгидромет" РМК 12 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының бұзылуына орай 14 өңірде ескерту жариялады.
Ұлытау облысы:
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шығыс және орталық бөліктерінде жоғары өрт қаупі байқалады.
Қарағанды облысы:
Солтүстік пен шығыста тұман түсіп, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қарағанды қаласында да түнде жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.
Түркістан облысы:
Тау асуларында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15–20 м/с жетеді. Солтүстік, оңтүстік және батыс, сондай-ақ шөлді өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы:
Батыс және оңтүстікте тұман күтіледі. Солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде төтенше өрт қаупі бар, ал солтүстік-шығыс пен батыста жоғары өрт қаупі күтіледі.
Маңғыстау облысы:
Батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінде тұман болады. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысы:
Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыс пен таулы аймақтарда екпіні 17–22 м/с дейін жетеді. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысы:
Таулы аудандарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, оңтүстік және таулы өңірлерде екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысы:
Солтүстік және шығыста тұман болады. Шығыстан және солтүстік-шығыстан жел соғып, батыс аймақтарда екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы:
Оңтүстік, солтүстік және шығыс өңірлерінде жоғары өрт қаупі бар. Ал батыс пен солтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы:
Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батыс пен оңтүстік-батыс бөліктерінде екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысы:
Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз батыс пен солтүстік аудандарда екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді. Солтүстікте жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі байқалады.
Абай облысы:
Батыс, оңтүстік және орталық өңірлерде тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады: түнде оңтүстік-батыста, күндіз шығыс пен оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы:
Оңтүстік пен шығыста тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысы:
Солтүстік, шығыс және оңтүстікте көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жел батыстан және солтүстік-батыстан соғып, таңертең және күндіз батыс пен оңтүстікте 15–20 м/с дейін күшейеді.