Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстанда жаңа тұмау түрі пайда болды. Мамандар не дейді?

Сарапшы, спорт журналисі

Шығыс Қазақстан облысында «гонконг» тұмауының бес жағдайы анықталды. Бұған дейін бұл түрі Ақтөбе облысының тұрғындарынан табылған еді.

Қазақстанда жаңа тұмау түрі пайда болды. Мамандар не дейді?
Сурет: ашық дереккөздерден

Дәрігерлердің айтуынша, бұл тұмаудың негізгі белгісі – ұзақ уақыт түспейтін 40 градусқа дейінгі жоғары қызу. Бұл түрі басқа жедел респираторлық вирустық инфекциялар сияқты емделеді.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы ШҚО-да 41 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың жартысынан көбі – 14 жасқа дейінгі балалар.

ДСЭК-те атап өткендей, тұмаудан бөлек, облыста риновирус, аденовирус және боковирус та айналымда жүр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе тұрғындары жоғары температура мен жөтелмен бірге жүретін суық тиюге шағымданған. Дәрігерлер ол кезде мұның «гонконг» тұмауы екенін түсіндірген еді.

Айтылғандай, бұл – әр жылы күз-қыс маусымында айналымға түсетін маусымдық вирустың бір түрі. Ол жаңа вирус емес, маусымдық тұмаудың бұрыннан белгілі штаммдарына жатады.

Бұған қоса, денсаулық сақтау министрлігі елде «жаңа вирус пайда болды» деген жаппай шағымдарға жауап берген еді.

«Гонконг» вирусы – жаңа вирус емес, ол алғаш рет 1960 жылдары анықталған. Қазір бұл жыл сайын айналымда жүретін қалыпты вирус», – деп хабарлады комитет төрағасының орынбасары.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 2
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір