Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Penalty.kz баршаңызды Жаңа 2026 жылмен құттықтайды!

Сарапшы, спорт журналисі

Құрметті спорт жанкүйерлері, Penalty редакциясы сіздерді шын жүректен 2026 жылдың табалдырығындағы Жаңа жылмен құттықтайды!

Penalty.kz баршаңызды Жаңа 2026 жылмен құттықтайды!
Фото: Penalty.kz

Өтіп бара жатқан 2025 жыл Қазақстан спорты үшін ерекше табысты әрі қызықты оқиғаларға толы болды.

2025 жылдың басты жетістіктері

Өткен жылы қазақ спорты бірқатар айтулы белестерді бағындырды. Мысалы Геннадий Головкин беделді World Boxing ұйымының президенті атанып, қазақ боксының абыройын асқақтатты. Бұған қоса, 2025 жылы екі бірдей әлем чемпионаты өтті және сол жарыстарда Қазақстан спортшылары небір үлкен жетістіктерге жетіп, өздерінің шеберлігін дәлелдеді.

Қыздар боксында биыл сұмдық нәтижелер тіркелді.

Футбол мен жас жұлдыздардың табысы

Алматылық "Қайрат" футбол клубы алғаш рет Чемпиондар лигасына шығып, қазақ футболының тарихында жаңа парақша ашты.

17 жасар Дастан Сәтпаев биыл қазақ футболын дүр сілкіндіріп, әйгілі "Челси" сапына трансфер жасады. Жас жұлдызымыз жарқын өнер көрсетіп, бір маусымда 20-дан астам гол соғып, Чемпиондар лигасында есеп ашқан алғашқы қазақ ойыншысы атанды. Сондай-ақ ол ұлттық құрама сапында да жасындай жарқырап, маңызды матчтарда ел намысын қорғады.

Жас шабуылшы ұлттық құрама сапында да гол соғып үлгерді. Қараша айында "Астана-Арена" алаңында өткен матчта Дастан Сәтпаев Бельгия құрамасының қақпасынан саңылау тауып, елге тең нәтиже әкелді.

Теннис және басқа да жетістіктер

Теннисшіміз Елена Рыбакина WTA рейтингінде жылды бесінші орынмен аяқтап, келер жылы бұдан да жоғары белестерге жетуге үмітті.

UFC-дегі ел намысын қорғап жүрген жауынгерлеріміз де жарады. Атап өтсек, жаңа келе жатқан жылда екі бірдей спортшымыз, Шавкат Рахмонов және Асу Алмабаев UFC белбеуінің шайқасына үміткер атануға жақын.

Жаңа жыл баршаңызға сәттілік, жаңа қуаныш пен жарқын сәттер әкелсін! Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір