ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Жұлдыз Әбдукәрімова анасына Астанадан пәтер алып берді

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова анасына қымбат сыйлық жасап, Астанадан пәтер сатып алып бергенін айтты. Өнер иесі жаңа баспананы әлеуметтік желіде видео арқылы көрсетіп, бұл күнге бірнеше жыл дайындалғанын жеткізді.

Жұлдыз Әбдукәрімова анасына Астанадан пәтер алып берді
ernur.kz

«Анам екі қала арасында жүрді»

Жұлдыздың айтуынша, соңғы жылдары анасы олардың отбасы үшін Алматы мен Астана арасында қатынап, балаларға толық қарайласқан. Ол анасының Алматыға келгенде үйдің шаруасын реттеп, әкесіне жағдай жасап, кейін қайтадан Астанаға жол тартатынын баяндады. 

«Екі жыл бұрын арман еді – бүгін орындалды»

Актрисаның сөзінше, шамамен екі жыл бұрын анасына өздерінің үйіне жақын жерден пәтер алып беруді мақсат еткен. Сол арманын орындау үшін көп еңбек еткенін де жасырмады.

Жарияланымнан кейін оқырмандар Жұлдыздың анасын жаңа қонысымен құттықтап, актрисаны «анасына қамқор, жақсы қыз» деп жылы пікірлер қалдырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.