"Оған қарапайымдылық жарасады": Қайрат Нұртастың ата-анасы 37 жасымен құттықтады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас 37 жасқа толды. Өнер иесінің ата-анасы Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер ұлын туған күнімен әлеуметтік желіде жылы лебізбен құттықтады, 

"Оған қарапайымдылық жарасады": Қайрат Нұртастың ата-анасы 37 жасымен құттықтады
instagram/@kair_n

Әкенің жүрекжарды тілегі

Нұртас Айдарбеков Instagram парақшасында ұлына арнайы жазба арнап, Қайратқа ұзақ ғұмыр тілеген. Ол перзентіне Жаратқанның жарылқауын сұрап, өнер жолындағы қызметі баянды болсын деген ниетін жеткізді.

Гүлзира Айдарбекова да тұңғышын көпшілік алдында құттықтап, Қайраттың жүрегі жұмсақ, жаны таза адам екенін атап өтті. Анасы ұлына мәнді де мазмұнды өмір, отбасы бақыты мен тыныштық тілеп, арнайы өлең жолдарын арнаған.

Жанкүйерлер пікір жазды

Әншінің тыңдармандары да туған күн иесіне ақжарма тілектерін жаудырды. Желі қолданушылары Қайраттың ерекше үні, өнерге деген махаббаты мен қарапайым мінезін ерекше атап, ұзақ ғұмыр, шығармашылық табыс тіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір