Щучинскте алты адам қаза тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Щучинск қаласында тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты. Оқиға орнына Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдары 5 минут ішінде жеткен.

Щучинскте алты адам қаза тапты
time.kz

Сегіз газ баллоны сыртқа шығарылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жалын шарпыған ғимараттан 8 газ баллонын қауіпсіз жерге алып шығып, 10-нан астам адамды құтқарған.

Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан шамамен 20 адам зардап шегіп, 6 адам көз жұмған.

Өрт толық сөндірілді, үйінді аршылып жатыр

Ведомство хабарлауынша, өрт толық сөндірілген. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысы ТЖД-да жедел желі іске қосылды:

8 (7162) 514-298

Оқиға орнында кімдер жұмыс істеп жатыр?

Оқиға орнында ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары және барлық тиісті қызметтер жұмылдырылған. Оның ішінде өрт сөндіру есептоптары, құтқару бөлімшелері, медицина қызметі, полиция, газ-техникалық инспекция бар. 

Сонымен қатар санавиация мен ТЖМ-нің реанимобильдері толық дайындыққа келтірілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір