Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмыс құрғалы жатыр
Актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның ортақ төрт қызы бар.
Alash.kz
Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаеваның қызы тұрмысқа шыққалы жатыр. Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Көп нәрсе айтқым-ақ, жазғым да келіп тұр. Балаңның әрбір қуанышына ата-анасы мың есе қуанады. Тәтті шәй тәттілермен басталды. Ақ көңіл, адал ниетпен ақ дастархан басында бас қосып, болашақ құдаларымызбен таныстық", – деп жазды Жорабаева.
Әншінің айтуынша, осылайша өмірдің "құда-құдағи" деген асуы басталғалы жатыр.
"Әр белес , әр сәт - бақыт. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың тек қызығын көруді нәсіп ет Аллаһым", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның ортақ төрт қызы бар. Екеуі 2017 жылы ажырасып кетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet